Skip to main content

Енді elicense.kz порталы арқылы Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанға жүк тасымалдауға арналған рұқсаттарды электрондық форматта алуға болады

Енді elicense.kz порталы арқылы Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанға жүк тасымалдауға арналған рұқсаттарды электрондық форматта алуға болады

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар енді Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан аумағына кіруге арналған электрондық рұқсаттарды онлайн рәсімдей алады. elicense.kz порталында шетелдік рұқсат бланкілерін алуға болатын бағыттар тізімі кеңейтілді.

Шетелдік рұқсат бланкісі – қазақстандық тасымалдаушыға белгілі бір шет мемлекеттің аумағында жүк тасымалдауға құқық беретін құжат. Мұндай рұқсаттар мемлекеттер арасында екіжақты негізде алмасылады.

eGov.kz порталында заңды тұлғалар автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс бере алады

eGov.kz порталында заңды тұлғалар автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс бере алады

eGov.kz электрондық үкімет порталында заңды тұлғаларға арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне (МТНБ) тапсырыс беру қызметі автоматтандырылды. Енді ұйымдар өз автокөліктері үшін қалаған нөмірді онлайн таңдай алады.

eGov Mobile қосымшасында енді газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға болады

eGov Mobile қосымшасында енді газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға болады

eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде екі факторлы аутентификация енгізілгенін хабарлайды.

Енді жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба мен құпиясөзден бөлек, келесі тәсілдердің бірі арқылы қосымша растаудан өту қажет:

Балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтары электрондық лицензиялауға көшеді

Балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтары электрондық лицензиялауға көшеді

Қазақстанда балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтарын лицензиялауға арналған қызмет іске қосылды. Енді ұйымдар лицензия алу үшін өтінімді elicense.kz порталы арқылы толықтай онлайн форматта тапсыра алады, мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.

Электрондық формат рұқсат құжаттарын алу тәртібін жеңілдетеді, ұйымдардың уақыт және әкімшілік шығындарын азайтады, сондай-ақ үдерістің ашықтығын арттырады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2026 жылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау мемлекеттік қызметі OQU білім беру платформасына (oqu.edu.kz) көшірілді. Платформада пайдаланушы өтініш беріп, білім беру ұйымын таңдай алады және өтініштің қаралу мәртебесін қадағалай алады.