Skip to main content

IT-мамандарды дайындау сұрақтары дөңгелек үстелде талқыланды

IT-мамандарды дайындау сұрақтары дөңгелек үстелде талқыланды

Астанада IT-мамандарды дайындауға арналған дөңгелек үстел өтті. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұйымдастыруымен өткен шараға отандық жетекші жоғарғы оқу орындарының проректорлары, кафедра меңгерушілері мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар екі жақты ынтымақтастық пен IT-мамандарды дайындау процесі және жас мамандарды жұмысқа орналастыру сұрақтарын талқылады.

Бүгінгі таңда институттар студенттерге қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық технологиялардағы өзгерістер жайлы уақытылы білім беруге үлгере алмай жатыр. Ал өндірістік салалар бірден жұмысқа кірісіп кететін дайын мамандарды қажет етуде. Осындай көкейкесті мәселелерді шешу үшін жұмыс берушілер мамандарды даярлау процесіне қатысу қажет, әрі студенттерге тәжірибелік білім бере отырып олардың кәсіби дамуларына бағыт-бағдар берулері тиіс. Сонымен қатар, студенттерге Startup принциптерін түсіндіріп, оқуын аяқтаған жас түлектің жеке  Startup-жобасын жасауда тәжірибесі болса абзал.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Жамалбек Түсіповтың пікірі бойынша ақпараттық технологиялар нарығындағы қажеттілік пен оқу орындарындағы білім беру жүйесі арасындағы айырмашылықты азайтуға болады. Ол үшін ЖОО кафедраларының IT-компанияларда бөлімшелерін ашу керек, сонымен қатар, ұстаздарды оқуға жіберіп тұру қажет. Сондай-ақ, кафедра меңгерушілерінің пікірінше жұмыс берушілер оқу орындарына келіп студенттер үшін лекциялар өткізуіне болады. Сонда білім беру бағдарламалары уақыттың талабына сай болмақ.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болашағы үлкен кадрлық потенциалды қалыптастыру мақсатында отандық жоғарғы оқу орындарымен белсенді жұмыс жасап келеді. Біздің компаниямыз үшін ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды дайындау және қалыптастыру процесі маңызды. Сондықтан аталған сұрақтар щеңберінде белсенді ынтымақтастық орнатуға және өзара әрекеттесуге дайынбыз» - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов.

«ҰАТ» АҚ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін еске саламыз. Қазіргі уақытта ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылған, 165-тен астам студент компания қабырғасында өндірістік тәжибеден өтті.