Skip to main content

Қайырбеков Ұлан Қайратұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Туған жылы мен күні: 1988 жылғы 30 шілде.

Азаматтығы:Қазақстан Республикасының азаматы.

Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.

Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі қызметі:

· Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет мүшесі;
· Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет мүшесі;
· Аудит жөніндегі комитет мүшесі.

Білімі: 2012 жылы Nanyang Technological University (Сингапур) "Bachelor of Computer Engineering (Computer Science)" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары "Инженерлік-технологиялық орталық" ЖШС-да бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық технологияларды дамыту басқармасының басшысы, Naimi.kz жеке мамандарды іздеуге арналған сервистің негізін қалаушы және бас директоры, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық талдау орталығының басшысы, OLX Kazakhstan онлайн хабарландыру платформасының бас директоры болып қызмет еткен.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Яндекс Іздеуді дамыту жөніндегі директор қызметін атқарады.

Ұ.Қ. Қайырбеков «ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде Заңмен, Қоғам Жарғысымен, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленген тәуелсіздік өлшемдеріне сәйкес келеді, атап айтқанда: Қоғамның үлестес тұлғасы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда); Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға емес; Қоғамның лауазымдық тұлғаларына немесе Қоғамның үлестес тұлғаларына – ұйымдарға бағынбайды; мемлекеттік қызметші емес; Қоғам аудиторы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде аудитор болмаған; аудит жүргізетін ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамда аудит жүргізуге қатыспайды және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудит жүргізуге қатыспаған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену:иелігінде жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары:жоқ.