Электрондық паспорт жүйесінің ұлттық операторы қызметтері
Электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ:
- электрондық паспорттар жүйесінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
- электрондық паспорттар жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
- көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу үшін қажетті және кеден саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтерді жинауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторына (ұлттық әкімшісіне) қызмет көрсету ҚР «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ Заңының 71-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.