«Электрондық үкімет» АК-инфрақұрылымының операторы қызметтері
«Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым қызметтерінің операторы ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ:
- Тізбеге сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді және қолдап отыруды жүзеге асырады (ҚР ИДМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығы);
- Тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді; (приказ ҚР ЦДИАӨМ 2024 жылғы 29 шілдедегі № 449/НҚ бұйрығы);
- «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін дамыту және орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
- платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
- «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
- «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық көмек көрсетеді;
- «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
- деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді аналитикалауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беруді жүзеге асырады;
- деректерді басқару талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында деректерді жинау, өңдеу, сақтау, беруді жүзеге асырады;
- заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді.
«Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторының қызметтерін ұсыну ҚР «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ Заңының 13-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға ұсынылатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тізбесін бекіту туралы
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы объектілері мен платформасының бағдарламалық өнімдерінің тізбесін бекіту туралы