Алматы облысы бойынша өңірлік өкілдігінің Ақпараттық жүйелерді сүйемделеу басқармасы бас менеджері
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Жоғары кәсіби білім. Мамандығы: Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес; Құқық; Жаратылыстану ғылымдары; Техникалық ғылымдар мен технологиялар; Гуманитарлық ғылымдар; Әскери іс және қауіпсіздік.
- Жалпы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде қызмет саласында 2 жылдан кем емес.
Міндетті білім мен дағдылардың болуы
- ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
- есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану және оларға қызмет көрсету ерекшелігі;
- жүйелі және қолданбалы БҚ, ақпараттық және кеңселік технологиялар, желілік технологиялар;
- техникалық құжаттаманы оқу деңгейінде ағылшын тілін білу;
- техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі.
Міндеттері:
- ақпараттық жүйелерді енгізу;
- АЖ-ны сүйемелдеу және әкімшілендіру, пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарының жұмысын қамтамасыз ету;
- серверді әкімшілендіру;
- пайдаланушыларды оқыту;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- өңірлік клиенттерді іздестіру және өздерінің кіріс шарттарын жасауға қатысу;
- шығыс шарттарын жасауға қатысу.
Компания төмендегілерді ұсынады:
- Қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткізу (соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша);
- 2 (екі) лауазымдық жалақы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақы;
- Тоқсан сайынғы сыйлықақы.
Жұмыс жағдайы:
- Жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
- Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, 5/2.
Түйіндемеңізді Aigerim.Sikhayeva@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз, байланыс телефоны: +77071896948 (Айгерім).