Қызметтер
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы (бұдан әрі – ЭҮ АКИ операторы) болып айқындалды.
ЭҮ АКИ операторы келесі қызметтерді ұсынады:
- «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін) сүйемелдеу қызметі;
- «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен аппараттық-бағдарламалық кешендеріне)жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметі;
- Виртуалды машинаны бөлу қызметі (хостинг);
- Деректерді өңдеу орталығы қызмет ретінде (colocation);
- МО ИРБП АК-қызметтер, Smart Bridge, Smart Data Ukimet, МО ЭПС, СБӨ-ні әкімшілендіру;
- ҚР НКО, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және ҚР СБҮТ сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметтері;
- Байланыс қызметтері (МО БКО, IP - телефония, желіаралық қорғауды ұйымдастыру арқылы сымсыз/спутниктік/жерүсті инфрақұрылымы базасында виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру);
- Бейнеконференция сеанстарын өткізуді ұйымдастыру қызметі;
- Онлайн трансляцияларды өткізу қызметі;
- Ақпараттандыруды криптографиялық қорғау құралдарын (СКЗИ)пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қорғалған байланыс арналарын ұйымдастыру қызметі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның көрсетілетін қызметтері