Skip to main content

«Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі»

Мемлекеттік органдарды құжаттамалық қамтамасыз етудің ведомстволық және ведомствоаралық технологиялық процестерін біріздендіру жолымен мемлекеттік органдардың іс жүргізуінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру:

  • электрондық құжаттарды жеткізу уақытын қысқарту;
  • құжаттарды тіркеу және іздеу уақытын қысқарту;
  • Қазақстан Республикасының іс қағаздарын жүргізудің бизнес-процестерін реттеу;
  • электрондық құжаттардың жеткізілуіне кепілдік беру (хатты жөнелтушіге жеткізу туралы электрондық хабарламаны жіберу).

ОМО және ЖАО ЭҚАБЖ орталығы арқылы жіберілген электрондық құжаттардың саны 80,34% және 79,90% құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Мемлекеттік органдарда бұлыңғыр құжат айналымына көшу» деген 62-тармағын орындау мақсатында 2021 жылғы 18 наурыздағы жай-күйі бойынша ОДО-ға 65 МО (24 орталық, 38 комитет, 1 бюро, ҚР Президенті Іс Басқармасының 2 ведомствосы), МО-ның 280 аумақтық бөлімшелері, 2 Жергілікті атқарушы орган ауыстырылды.

БҚА-на қосылған пайдаланушылар саны 17 000-нан асады.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарды бұлтты құжат айналымына көшіру жалғасуда.