Skip to main content

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (МЖТ АЖ) – Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкіметтің» негізгі компоненттерінің бірі және ажыратылмас бөлігі болып табылады.

Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастыру.

Міндеті: мемлекеттік органдар мен ведомстволардың ақпараттық жүйелерін әкімшілік-аумақтық құрылғылар, оның бөліктері және Қазақстан Республикасы территориясы аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орны туралы мәліметтермен қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлары туралы ақпараттарды бірыңғай форматқа келтіру.

Ақпараттық жүйенің мақсаты:

  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін толық, нақты және жылдам түрде мекенжай деректерімен қамтамасыз ету;
  • жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын өзекті жағдайда ұстау;
  • мекенжайлардың өзгеру тарихын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • мүдделі жақтардың мемлекеттік қызметті алуда жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы туралы ақпаратты алу үрдісін жылдамдату.

Жүйенің негізгі даму кезеңдері:

  • 2007 жыл - жүйе өндірістік қолданысқа берілді.
  • 2012 жыл - орталықтандырылған архитектураға көшу бөлігінде жүйені жаңарту;
  • 2013 жыл - мемлекеттік деректер қорлары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне мекенжай деректерін ұсынуды бастау;

Жүйені қолданушылар: Облыстық, қалалық және аудандық, деңгейдегі жергілікті атқару органдар (ономастика бойынша комиссиялар, сәулет және қала құрылысы бөлімдері), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері.

МЖТ АЖ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және басқа да ұйымдардың 57 ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.