Skip to main content

Е-сапа

«Е-сапа» этил спиртін және алкоголь өнімдерін есепке алу ақпараттық жүйесі және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу ақпараттық жүйесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» №1177 Қаулысына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласындағы есептеуіш бақылау құралдары (бұдан әрі – ЕБҚ) деректерінің операторы болып табылады.

«Е-сапа» Этил спиртін және алкоголь өнімдерін есепке алу ақпараттық жүйесі» және «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу ақпараттық жүйесі» жобаларының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) және оның аймақтық бөлімдерін этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруін, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндіруін және айналымын нақты уақыт тәртіптемесінде бақылау және мониторингті тиімді құралымен қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі міндеттер:

1.  Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруін, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруін және айналымын есепке алу;

2.  Алкоголь, спирт зауыттарында, мұнай өңдеу зауыттарында, шағын қуатты мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай базаларында және автокөліктерге жанармай құю станциаларында орналасқан ЕБҚ деректерін ҚР ҚМ МКК жіберу.