«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры
ЗТ МДҚ (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) жобасының мақсаты бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге арналған және заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге ЗТ МДҚ-мен және Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, БСН беруді қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру мерзімі:
2003-2007 жылдары – құру, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және іске қосу;
2008–2009 жылдары – жүйені сүйемелдеу;
2009-2010 жылдары – тәжірибелік пайдалану және жаңғыртылған жүйені енгізу;
2011 ж. – қазіргі уақытқа дейін өнеркәсіптік пайдалануда, жаңғыртылған АЖ сүйемелдеу;
ЗТ МДҚ жобасының міндеттері:
- Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тіркеу есебін жүзеге асыру;
- Заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді ұсыну мақсатында ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау және өңдеу;
- БСН арқылы заңды тұлғаларды бір мәнді сәйкестендіру;
- Заңды тұлғаларды сәйкестендіру бөлігінде әртүрлі ведомстволарға тиесілі ақпараттық ресурстарды ықпалдастыру;
- Заңды тұлғалар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді сақтайтын және ұсынатын орталықтандырылған деректер базасын құру;
-Ұсынылған тіркеу ақпаратын «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер қорының деректерімен салыстыру арқылы «жалған кәсіпорындарды» заңсыз тіркеу фактілерінің жолын кесу;
- Әрекетсіз заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтайшысы болып табылатын тіркелген заңды тұлғалардың фактілердің жолын кесу;
ЗТ МДҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының 34 ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.